«Какаду» клубының ұйымдастыруымен «Қолөнер құпиясы» қалалық қолөнер байқау-жәрмеңкесі
25-шілде 2024 жылы «Какаду» клубының ұйымдастыруымен «Қолөнер құпиясы» қалалық қолөнер байқау-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Яғни кез-келген табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын жасап әкелу. Табиғат жыл сайын бізге шығармашылыққа жарамды көптеген табиғи материалдарды тегін ұсынады. Өз қолыңызбен табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын жасау процесі баланың көркемдік талғамын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамытады, сенсорлық қабілеттерін шоғырландырады, табандылыққа тәрбиелейді. Қолөнер байқау-жәрмеңкесіне қала және ауыл мектептерінің жанынан құрылған жазғы лагерь оқушыларынан барлығы 12 оқушы қамтылды. Қатысушылардың жұмыстары әртүрлі табиғи материалдардан ұсынылып, қызықты әдіс-тәсілдерді қолданудағы шеберлік пен өзіндік ерекшелігін көрсетті. Байқауға құрылған әділ қазылар алқасы көрмедегі ең үздік бұйымдарды іріктеп төмендегідей нәтиже шығарды:
І-орын Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретінің мектебінің оқушысы Жылқыбай Зере
ІІ-орын Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ашықбай Балжан
ІІ-орын Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Болатбек Айару
ІІІ-орын А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның оқушысы Ғинолла Айару
ІІІ-орын А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның оқушысы Баймұрат Кәусар марапатталды.
Қалған оқушылар белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
#көңілдіжаз2024
#летнийотдыхдетей
#қосымшабілімберу
#летовдопобразовании2024, #жаз_қосымшабілімберу2024, #Zhazqosymshabilim2024
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do