Кастинг «Талантты балалар» театр үйірмесі
Қазанның 20-23 күндері аралығында «Талантты балалар» театр клубы кастинг байқауын ұйымдастырған болатын. Кастингтің мақсаты қаламыздағы дарынды да талантты оқушыларды тауып, олардың өнерін шыңдай отыра сана сезімін, жауапкершілігін, сауаттылығын, мәдениеттілігін, рухани дүниесін қалыптастыру. Балаларға актёрлық шеберліктің негіздерін үйрете отыра көркемдік эстетикалық, шығармашылық, моральдық этикалық нормаларға, өнерге баулу, олардың театрға деген қызығушылығын арттыру. Атаулы байқауымызға 100ден астам қала мектептерінің оқушылары қатысып олардың ішінен 61 бала іріктеліп алынды.Кастинг барысында оқушыларға актёрлық шеберлігін көрсету мақсатында түрлі тапсырмалар, топтық жұмыс ретінде ертегілер мен қойылымдар қою берілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды барынша орындауға тырысып, байқаудан жақсы әсер алды. Ендігі мақсат іріктеліп алынған оқушыларымыздың өнерін одан әрі шыңдай отыра оларға театр өнерінің қыр-сырын түсіндіріп, олармен жұмыс жасау.Кастингке қатысқан барлық оқушыларға «Талантты балалар» театр үйірмесі атынан өз алғысымызды білдіреміз.