«Кегельринг» конкурс-эстафетасының қорытындысы

Техникалық шығармашылық әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің маңызды факторы болып табылады. Техникалық шығармашылық тақырыбы бойынша байқау 5-8 сынып оқушылары үшін өткізілді және оларға өз таланттары мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге, сондай-ақ құрдастары арасында бәсекелесуге мүмкіндік берді. Өткен аптада “Жас Ұлан” БЖО “Кегельринг”конкурс-эстафетасы өтті.

Балалар үлкен қызығушылықпен өз роботтарын жинап, рингте кегельдерді құлату бойынша уақытқа байланысты  жекпе-жек өткізді.

Үздік көрсеткіш №8 мектеп командасында (1 орын) -Ғаниев Мейірбек,Алшынбаев Әлихан болды.
Екінші орынды №2 ОМ командалары-Төлегенов Бағдаулет,Соломаха Виктор және РСШ – Сәлімғазин Нұрдәулет,Жұмағазин Әмір бөлісті.

Үшінші орын №10 ОМ-Буглов Милан, Пермяков Максим, Зарипов Рустам,
№6 мектеп-гимназиясы-Шығамбаев Мирас, Биғенді Алдияр,
Амангелді Арсен №3 ОМ.

Байқауға қатысқан барлық командаларға алғыс айтамыз!

Ұйымдастырушы: «Робототехника» үйірмеснің жетекшісі  Сарсенова Г.К

 


Жарияланды: 03.02.202114:17

Автор: