Кейкі батыр кесенесіне экскурсия
Арқалық қаласы, “Жас Ұлан” БЖО, қалалық “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес Кейкі батыр кесенесіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға қала және ауыл мектептерінің аға тәлімгерлері мен Ұланбасылары және қалалық штаб оқушылары тартылды. Экскурсия барысында оқушыларға Кейкі Көкембайұлының өмірбаяны, ерлігі, тарихы жайлы түсіндіріліп, толық мағлұмат берілді. Тарихи кесенеге барған оқушылар жақсы көңіл-күймен қайтты.
Штаб төрайымы Ыбыраева Айкерім Дүйсенбайқызы