Кейкі батырдың 100 жылдығына орай «Ұлы Даланың – Ұлы батыры» атты қалалық ақындар (арнау өлең) мүшәйрасы байқауы бойынша ақпарат

Қала және ауыл мектептерінің оқушылары арасында Кейкі батырдың 100 жылдығына орай  «Ұлы Даланың – Ұлы батыры»  атты арнау өлең қалалық ақындар мүшәйрасы байқауы 2023 жылдың 16 ақпан мен 24 ақпан аралығында болып өтті. Іс-шара екі кезеңге бөлініп, қатысушылар 1-кезеңнен іріктелген еді. Байқау ережесі сәйкес қатысушылар Кейкі батырға арнау өлең жазды. Айта кетейік, бұл байқауда қатысушылар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінді. Жалпы, іс-шараның қорытындысы бойынша:
Кіші топтан (9-13 жас ) :
1-орын – Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-мектебі оқушысы Карбозов Әлисұлтан;
2-орын – Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Даурен Айнар;
3-орын – №10  жалпы білім беретін мектеп оқушысы Уәли Шамбыл, Ғазез Ақмаржан;
Үлкен топтан (14-17 жас) :
1-орын – А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия оқушысы Отар Мұхамедеәли;
2-орын – Б.Майлин атындағы негізгі орта мектеп оқушысы Әбнұр Ернұр;
3-орын – Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Серікбай Аружан алды.
Байқауға қатысқан қалған оқушыларға «Жас ақын» номинациясы берілді.

Жарияланды: 10.03.202318:05

Автор: