“Әкем және мен” атты бассейнде жүзу жарысы өткізілді
Қостанай облысы, Арқалық қаласы “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында Әкелер күні мерекесіне орай “Әкем және мен” атты бассейнде жүзу жарысы өткізілді. Жарысқа барлығы 8 отбасы қатысты. Нәтижесінде 1-орынды Е.Омаров отбасы, 2-орынды С.Баяхмет отбасы, 3-орынды Е.Ауезбеков отбасы иеленді. Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысқан отбасыларға мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жарысқа қатысқан отбасыларға алғысымызды білдіреміз.