«Шебер қолдар» клубы
«Пішу және тігу» клубы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын, ойлау қабілеттерін, эстетикалық талғамын дамыту мүмкіндігін береді. Осы клуб қызметі шеңберінде балалар пішу және тігудің құпияларын ашады, осылайша олар тігінші, пішуші және дизайнер мамандықтарының негіздерін меңгереді. Жобаны жүзеге асыру барысында балалар, өз қолдарымен тігу барысында шығармашылық процестің жұмыс жасауына көз жеткізеді, және өз ойлары мен идеяларын өз еріктерімен, өз таңдаулары бойынша нақты бұйымға қолдану мүмкіндігіне ие болады.
Клуб тәрбиеленушілері аймақтық, республикалық және халықаралық байқауларға белсене қатысады. Клуб тұрақты түрде қалалық байқау – көрмелер, мерекелер, шеберлік сыныптары және басқа да іс-шаралар өткізеді.