«Жас қалам» тілшілер клубы

«Жас-қалам» журналистік клубы – Арқалық қаласы тұрғындары мен педагогтардың, оқушылардың алдында дарынды және шығармашыл балалардың өмірімен танысуға мүмкіндік ашты. Бұл клуб қызметі шеңберінде балалар өздерінің сөздік қорларын байыту арқылы жаңа дағдыларға үйренеді, әдеби тілдің лексикалық әр түрлілігін түсінеді, түрлі жанрларда еркін жұмыс жасау дағдыларын меңгереді, жазбаларды, мақалаларды, репортаж жазуды үйренеді.
Шығармашылық ұжым оздерінің жетекшілерінің басшылығымен 2017 жылдан бері тоқсан сайын шығатын «Жас-Ұлан» толыққанды ақпараттық – танымдық журналын шығару бойынша жұмыс істейді.
Журналдың әртүрлі айдарлары балалар мен оқытушылар және ата-аналар арасында, журнал бетінің кейіпкері болуға деген үлкен қызығушылық тудырып отыр. Сондай-ақ, «Жас қалам» клубы қалалық жарыстар, мерекелер, акциялар, кездесулер, пікірталас, мастер-кластар және басқа да түрлі іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар, оқушылар «Торғай», «Арқалық хабары» сияқты қалалық және облыстық «Учительская плюс» газеттерінде өз жұмыстарын жариялап отырады. Клубқа келіп жүрген балалар журналистік жазу дағдыларын жан – жақты меңгереді.