“Батыр туса – ел ырысы” жекпе-жек “Жайдарман” ойыны

2022 жылдың 10 қараша күні қала мектеп оқушылары арасында өткен “Батыр туса – ел ырысы” 1/8 жайдарман жекпе-жек ойыны өтті.
Бүгінде жалынды балалардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы көрерменнің сүйіп көретін әзіл алаңына айналды. Осы әзіл сүйер қауымға Арқалық қаласының “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында жайдарман клубының жетекшісі Ербосын Рамазан кезекті финалға дейінгі жайдарман жекпе-жек ойынын ұйымдастырған еді. Додаға 8 команда ат салысты. Командалар қатарында “Жас Ұлан” БЖО жайдарман командарлары да қатысқан болатын. Бұл жекпе-жек ойынында қарсылас командалар болған:
1)”Жалын” / “Ізбасарлар”
2)”Болашақ” / “Біз екеуміз” БЖО
3)”Ыбырай шәкірттері” / “Абай Sweets”
4)”Пути-пути” / “Тентектер” БЖО
 Осы 8 командадан тек 4 команда келесі ойынға жолдама алды. Олар:
1)”Жалын” 10 жалпы білім беретін мектеп командасы;
2)”Болашақ” Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп командасы;
3)”Ыбырай шәкірттері” гимназия командасы;
4)”Пути-пути” Бейімбет Майлин атындағы 3 жалпы білім беретін мектеп командасы.
Жолдама алған командаларға тілеріміз тек сәттілік, келесі ойында кездескенше!


Жарияланды: 14.11.202207:35

Автор: