Ұланбасы

2021 жылдың 12 қараша күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы, «Жас Ұлан» балалар ұйымы штаб төрайымы Алдамжарова А.М және «Жалын» КШМ жетекшісі Файзуллина А.Н ұйымдастыруымен қалалық «Ұланбасы» сайлауы өткізілді.
Мақсаты:оқушының жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігін қалыптастыру, көшбасшылық әлеуетін және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашу,жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Қалалық Ұланбасы сайлауына әр мектептен 1 үміткерден, 8-10-сынып оқушылары қатысты. Олар: Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ оқушысы Мукашова Ақбота, №2 ЖББМ оқушысы Күмісбек Тамерлан, Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ оқушысы Қонысбаева Айшабибі, Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ оқушысы Кенжебай Азиза, А.Құнанбаев атындағы №6 ЖББМ гимназия оқушысы Мұхтар Мадина, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Саржанова Венера. Аталған үміткерлер ұланбасылыққа үміткер бола отырып, жоғары деңгейде өздерінің білімдерін көрсетіп бақ сынасты.
Сайлау 3 кезеңнен құралды: 1.«Ұланбасы визиткасы» -(ұланбасының өзін таныстыруы), 2.«Егер мен Ұланбасы болсам…» – өзінің Ұланбасылық бағдарламасы (плакат арқылы қорғау) және ситуациялық сұрақтар.. Қалалық Ұланбасыға үміткерлер өздерімен бірге өз портфолиоларын алып келді. Іс-шараға «Жас-Ұлан» БЖО директорының м.а Суровцева А.М, әдіскер Марущак А.И, «Ботақан» балалар телестудиясының жетекшісі Демесинова С.Б және экс-ұланбасы Шөптібаева А.М. әділ қазылық етті. Қорытынды бойынша әділ-қазы мүшелерінің ортақ шешімімен ең жоғары ұпаймен Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Саржанова Венера алға шығып, Қалалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының кезекті Ұланбасы болып сайланды. Ендеше, Саржанова Венера алдағы уақытта көшбасшылық қасиетімен алға ұмтылып, шығармашылық ізденістер іздей отырып, орталығымызды биікке көтеріп жүретін азаматша болады деген оймен зор үміт артамыз!

Жарияланды: 18.11.202117:05

Автор: