“Өлеңімен оятқан бар қазақты” атты оқушылар арасындағы қалалық жыр мүшәйрасы өтті

2025 жылдың 6 мамыр күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының “Топжарған” айтыс үйірмесінің ұйымдастыруымен алаш зиялысы, ақын, аудармашы, публицист М.Дулатұлының 140 жылдығына орай “Өлеңімен оятқан бар қазақты” атты оқушылар арасындағы қалалық жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйра қаламызға қарасты ауыл және қала мектептерінен 15 оқушы қатысып, жүлделерді сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімі бойынша:
1 – орын: Нұркей Аян (Қараторғай орта мектебі);
2 – орын: Шәмбіл Уәли (№10 жалпы білім беретін орта мектебі)
3 – орын: Отар Нұрислам (А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп – гимназия)
3 – орын: Кемелбай Ерсұлтан (Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі)
3 – орын: Шәкіржан Айару (Ы.Алтынсарин атындағы гимназия).

Жыр мүшәйрасының жүлдегерлері арнайы дипломмен, ақшалай сыйлықпен марапатталды.


Жарияланды: 10.05.202507:30

Автор: