“Әлем таныған Республикам менің” атты қала мектептер арасында макеттер байқауы

17.10.2024 ж
Балалар мен жасөспірімдер орталығында 25 қазан Республика күніне орай “Әлем таныған Республикам менің” атты қала мектептер арасында макеттер байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен 9 мектеп қатысты.
Байқау шарты Қазақстанның әр облыстарының тарихи, мәдени, зәулім ғимараттарын макет бетіне түсіру және презентация бойынша баяндау.
Байқауда әділдік жасап бағасын берген әділ қазылар алқасы әділ шешімін шығарып, қатысушылар мен жетекшілерін марапаттады.
Байқауда жеңіске жеткен:
1 орынды
2 ЖББ мектептің 11 сынып оқушысы Күмісбек Темірланға берілді.
“Қарасай Ағынтай” батырлардың кесенесін макет бетіне түсіріп баяндады.
Жетекшілері: Чёрная Ильмира Сергеевна
Зазуля Радик Владимирович
Алғыс хаттарымен марапатталды.
1 орын бастауыш сыныптар арасында
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының оқушысы Қуаныш Нұрдос Елдосұлына берілді.
Оқушы Ұлытау облысының “Халықтар тұтастығы мен бірлігі” манументін макет бетіне түсіріп баяндады.
Жетекшісі: Шаяхмет Айгүл Келденқызы алғыс хатпен марапатталды.
2 орынды
Кейкі батыр атындағы
4 мектебінің 8 сынып оқушысы Қапез Мейірлан Қостанай облысының “Кейкі батыр“ кесенесін макет бетіне түсіріп баяндады.
Жетекшілері: Айгужин Абзал
Бекентаев Сунгат Жумабаевич
Алғыс хаттарымен марапатталды.
3 орынды
8 негізгі орта мектептің 7 сынып оқушысы Мусабаева Арайлымға берілді.
Оқушы:Алматы облысының “Жетісу манументін”макет бетіне түсіріп баяндады.
Жетекшісі:Нағашыбай Айкүнім Шәймерденқызы алғыс хатпен марапатталды.
3 орынға
Ш.Уалиханов атындағы 1 ЖББ 11 сынып оқушысы Булат Айдана алды .
Оқушы: Ақмола облысының “Қабанбай Батыр” кесенесін макет бетіне түсіріп баяндады.
Жетекшісі: Шаяхметов Берік Нағашыбайұлы Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қалған қатысқан мектеп оқушылары белсене қатысқандары үшін марапатталды.
Байқауға қатысып орындарға ие болған оқушылар марапаттау мен қоса ақшалай сыйға ие болды.
Байқау әділ
Жақсы деңгейде өтті.
Әр мектеп жоғары деңгейде дайындықпен келген.
Отанымыздың тарихын баяндайтын, қорғайтын жастарымыз аман болсын!!
Егінді далам бар
Еңселі қалам бар
Жастары жалынды
Арқалықтай қалам бар
Бұл менің Қазақстаным!


Жарияланды: 19.10.202412:21

Автор: