“Жаз -2022”
1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында жазғы лагерьдің ашылу салтанаты болды. Іс- шара барысында Балаларды келіп жеткен мерекемен құттықтап, концерттік бағдарламалар орын алды. Қалалық бағдарлама шеңберінде шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар, көңілді қимыл- қозғалыс ойындары өткізілді.
Жазғы маусымның ашылуы барысында мерекелік театрландырылған қойылым көрсетіліп, және сайқымазақтар оқушылармен көңілді атмосфера ұйымдастырды. Мерекелік концерттік бағдарламадан соң балалар әртүрлі алаңқайларға бөлініп, жұмыстар жасады. Жалпы саны: 10 алаңқай жұмыс жасады. Олар: “Шығармашылық галереясы”асфальтта сурет салу, “көңілді ойын аймағы”, “Қыш шеберханасы”, “Спорттық жарыс”, “Спорттық ойындар, күштік эстафета”, “Оригами байқауы”, “Тосын сыйға толы шар” дартс ойыны, “Жазғы би алаңы”, “Бауырсақ пати”, “Жазғы экстрим”. Бұл маусымның ерекшелігі жаңа алаңқай “Бауырсақ Пати” ашылды. Мұнда мерекеге жиналған оқушыларды ыстық бауырсақтан дәм татқыздық. Барлық алаңқайдағы жеңімпаздарды іс- шара соңында марапаттау қағазымен марапаттап,сыйлықтар тарту етілді. Барлық оқушыларға тәтті балмұздақтар таратылды. Бұл мерекеде балалардың жүздеріне күлкі сыйлаған мұғалімдер де ерекше сезімде қалды.
Мерекелік іс- шарамызда “UNITI” ЖШС және “Аманат” партиясы өз демеушілік көмектерін көрсетті.