“Мәдениет саласының үздігі” Бүркіт Бекетұлын еске алуға арналған “Батпаққараның баталы ері” атты оқушылар арасында қалалық жазба ақындар айтысы өтті.

📌“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының “Топжарған” айтыс үйірмесінің ұйымдастыруымен айтыскер, ақын, “Мәдениет саласының үздігі” Бүркіт Бекетұлын еске алуға арналған “Батпаққараның баталы ері” атты оқушылар арасында қалалық жазба ақындар айтысы өтті. Қатысушыларға ақынның өмір жолы мен өнер жолы таныстырылып, мол ақпарат берілді. Айтыс шарты бойынша қатысушылар жеребе арқылы жұпталып, сөз бәйгесінде бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімі бойынша
1-ші орынды Ш. Уәлиханов атындағы №1 мектептің оқушысы Ақбота Мұқаш иеленсе
2-орын №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Санжар Хамитбекке бұйырды. Ал жүлделі
3-орынды Мағзұм Нұржігіт, Мешітбаева Гүлнұр, Батталғазы Айнұр сынды қатысушылар иеленді . Қатысушылар арнайы дипломмен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны ұйымдастырушы: “Топжарған” айтыс үйірмесінің жетекшісі Әуезхан Е.С.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do

Жарияланды: 03.05.202507:53

Автор: