«Мәңгілік елдің Елордасы» атты қалалық пікірсайыс турнирі.
Қараша айының 10 – да «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында құрылған «Дарын» дебат клубының ұйымдастыруымен Арқалық қаласының мектеп оқушылары арасында қалалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Турнирдің жалпы мақсаты: Арқалық қаласындағы мектептер арасындағы қарым-қатынас пен ұйымшылдықты нығайту болып табылды.
Турнирдің міндеттері: жасампаз дүниетанымы мол азаматты тәрбиелеу,адамгершілігі мол, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру,әрбір азаматтың бойында өз Отанының тағдыры, қауіпсіздігі, болашағы үшін жауапкершілігін қалыптастыру,жастарды қоғамдық өзекті мәселелерін шешуге тарту. Турнирге қаламыздың мектептерінен жалпы саны 12 команда қатысты.
Турнирдің өзіндік қатысу талаптарыда болды. Ойынның форматы: Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша өтті. Формат бойынша командағы спикерлер саны – екі адам. Лига қазақ тілінде өткізілді. Әр турнирдің өзіне тән өзекті тақырыптары яғни, қарарлары болады. Турнирдің қарарлары төмендегідей болды:
Бұл палата барлық балаларды мемлекет тәрбиелеуге тиіс деп санайды
Бұл палата қарттарға алимент беруді енгізеді
Бұл палата 2050 жылы Қазақстанның әлемдік аренадағы позициясын көрсетеді
Бұл палата Этностың қалыптасуында тіл маңызды рөл атқарады деп есептейді.
Турнирге оқушылар жоғары белсенділікпен қатысты, барлығы өз ретімен өтті.
Қорытынды бойынша: 1 орынды – Ы.Алтынсарин атындағы гимназия командасы, М.Әуезов атындағы №5 мектеп командасы – 2 орынды, 3 орынды – №10 мектеп оқушылары иеленді. Сонымен қатар «Үздік спикер» номинациясына Родина орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Қуандық Аружан ие болды.
Жүлделі орындар кубокпен, номинациялармен ал қатысқан мектептер алғыс хаттармен марапатталды.
Турнир өз мақсаты мен міндетіне жетіп, жоғары деңгейде өткізілді.
