“Мен әкім болсам…” атты макеттерден жоба қорғау қалалық байқауы

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, “Жас Ұлан” БЖО-да “Мен әкім болсам…” атты макеттерден жоба қорғау қалалық байқауы өтті. Аталмыш шараның мақсаты: оқушылардың өздігінен ізденуге, қиялын, ой-өрісін кеңейтіп, ойын тұжырымдап, шығармашылығын дамыту болды. Байқауға барлығы 14 ауыл және қала мектептерінен 15 оқушы қатысты. Әділ қазылардың шешімі бойынша 1-дәрежелі дипломды Фурманов мектебінің оқушысы Серікбай Аршат, 2-дәрежелі дипломды #10 мектептің оқушысы Майорова Варвара және Қараторғай мектебінің оқушысы Төленбек Тоғжан, ал 3-дәрежелі дипломдарды #5 мектептің оқушысы Уалиханұлы Әділет, Сарыөзен мектебінің оқушысы Бияхмет Нұрәли және Майкутов мектебінің оқушысы Сәрсенбай Гүлім иеленді. Қалған оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтамалармен марапатталды. Барлық қатысқан оқушыларға және жетекшілеріне алғыс білдіреміз.
Қалалық штаб төрайымы Ыбыраева А.Д.


Жарияланды: 01.12.202318:42

Автор: