«Менің мектебім – менің екінші үйім» атты қалалық ашық фестиваль – байқауы өткізілді
2024 жылдың 17 – қазан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Bloggers» клубының ұйымдастыруымен «Менің мектебім – менің екінші үйім» атты қалалық ашық фестиваль – байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: оқушыларға заман талабына сай бола отырып, жаңа әлеуметтік желілердегі функцияларды пайдалануды үйрету, жаңашыл ұрпақты тәрбиелеу.
Жалпы байқауға қала мектептері ат салысты. Жүзден жүйрік болып жүлделі орынды иеленген мектептер арнайы дипломдармен марапатталды.
1 – орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушысы Жусупова Сания жеңіп алды.
2 – орынды Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мендеш Ақмаржан иеленді.
2 – орынды №8 негізгі орта мектебінің оқушысы Сабыржан Гулжан ие болды.
Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз. Шығар биіктеріңіз көп болғай. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.