«Менің сүйікті Астанам» үздік сурет байқауы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімлер орталығының» ұйымдастыруымен «Астана күніне» орай қала және ауыл мектептерінің жанынан құрылған жазғы лагерь оқушылары арасында «Менің сүйікті Астанам» үздік сурет байқауы болып өтті.

Жалпы байқаудың мақсаты :
– Балаларға өз елін сүюге сонымен қатар айналадағы әсемдікті көруге үйрету.
– Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту және қолдау.
Жалпы жарысқа 10 қала және ауыл мектептерінен 10 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:
1 – орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Толстыкина Нелли жеңіп алды.
2 – орынды Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ оқушысы Зілғара София;
М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ оқушысы Мұратбек Ділназ;
Макаренко ЖББМ оқушысы Тыным Ботакөз иеленді.
3 – орынды Фурманов ЖББМ оқушысы Нұржан Нұршах;
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Жалғас Нұрислам;
№2 ЖББМ оқушысы Карлышева Анастасия ие болды.

Барлық қатысушылар мадақтама қағаздарымен, тәттілермен және сыйлықтармен марапатталды.

 


Жарияланды: 08.07.202409:11

Автор: