“Менің спорт сүйер отбасым” атты қалалық фотоколлаж конкурсы
Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған қала мен ауыл оқушылары арасындағы “Менің спорт сүйер отбасым” атты қалалық фотоколлаж конкурсына мектеп оқушылары белсене ат салысты. Жиналған жұмыстар саны: 98 фотоколлаж.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орынды иеленген – Рамазан Нұрсұлтан, Ш.Уалиханов атындағы №1 орта мектеп оқушысы;
ІІ орын –Шарыгин Найль, №10 жалпы білім беретін мектеп оқушысы;
ІІ орын –Гусак Дмитрий, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы оқушысы;
ІІІ орын – Дүзелбаева Ботакөз, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы;
ІІІ орын – Тюрякин Жандәулет, Родина орта мектебі оқушысы;
ІІІ орын – Жапарова Ақерке,Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы иеленді.
Алдағы уақытта дәл осылай спортпен шұғылданып, денсаулықтарыңызды күтіңіздер деген тілекпен, жеңімпаздарды жүлделерімен шын жүректен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!!!
«Денсаулық айнасы» үйірме жетекшісі: Сүйінбекова Г.Т.