Менің жемісім
11-қыркүйек күні БЖО “Жас Ұлан” орталығында “Жас Ұлан” балалар ұйымының аға тәлімгерлер отырысы өткізілді. Отырыс жаңадан қосылған тәлімгерлерлермен танысу мақсатында”Менің жемісім” тренингімен басталды. Жиналыс барысында өткен оқу жылының қорытындысы айтылып, жаңа 2023-2024 оқу жылында өткізілетін қалалық іс-шаралары талқыланып, бекітілген жоспар таратылды. БЖО директоры аға тәлімгерлерге жаңа оқу жылында болашақ ұрпағымызды елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеп бір ұжым болып жұмыс жасауға шақырды
Қалалық штаб төрайымы Ыбыраева Айкерім Дүйсенбайқызы