«Спорт – денсаулық кепілі»

Денсаулық  –  бұл адамның ұзақ өмір сүруінің негізі болып табылатын физикалық және рухани қасиеттері. Адамдарға бұл қасиеттерді жақсы күйде сақтауға не көмектеседі?

Біздің өмірімізде әркім денсаулықты қалай сақтап, жоғалтпауға терең ойлану керек. Өз денсаулығын нығайту, өзін шынықтыру, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, әрқашан өміршең болу және айналасындағыларға жақсылық жасау.

Денсаулық – бұл ең үлкен байлық және оны сақтау керек. Спортпен айналысу қуаныш пен рахат әкеледі. Спортпен айналысатын адам тек физикалық қана емес, ақыл-ой жағынан да дамиды, интеллект артады!

Денсаулық күніне байланысты БЖО «Жас-Ұлан» орталығының спорт залында  «Спорт – денсаулық кепілі» атты іс – шара өткізілді. Спорттық іс – шараға  орталығымыздың мұғалімдері және  барлық жұмыскерлер мен  бассейн қызметкерлері болып   екі команда қатысты.

Мақсаты:

  1. Салауатты өмір салтын арттыру;
  2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Төмендегі жарыстар өткізілді:

  1. Дойбы (1ер,1әйел адам)
  2. Теннис (1 ер ,1әйел адам )
  3. Көңілді мәре ( 3 ер,3әйел адам)

Жарыстар қортындысы   бойынша  І орынды – І команда яғни мұғалімдер, ал ІІ орынды –  бассейн, жұмысшылар құраған,   ІІ команда иеленді. Екі командада алғыс хаттармен марапатталды.

Спорттық ойындар өте қызықты әрі тартымды өткізілді.


Жарияланды: 12.09.201908:59

Автор: