«Қосымша білім беру арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру әдістері»
2022 жылдың 28 қарашасында Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында “Қосымша білім беру арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру әдістері”атты қалалық семинар өтті.
Қазіргі білім берудің маңызды және қызықты бағыттарының бірі экологиялық тәрбие болып табылады. Қосымша білім берудің міндеті-белгілі бір білім қоры, қызығушылығы бар оқушыларды ғана емес, сонымен қатар экологиялық сауатты балаларды оқытудың әр түрлі формалары мен әдістерін, технологияларды қолдана отырып мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу.
Семинар қызықты да тартымды өтті, онда теориялық және практикалық әдістер біріктірілді.
«Кокаду» клубының жетекшісі А. Б. Ашықбай “Қосымша білім беру арқылы оқушыларды экологиялық тәрбие беру әдістері” тақырыбында баяндама жасады.
Әрі қарай семинарға қатысушылар табиғатты қорғау және экологиялық жұмыстарды ұйымдастырушы педагог Е.Черняеваның “Қосымша білім беру мекемесіндегі экологиялық білім және тәрбие” тақырыбындағы баяндамасын тыңдап, балалар мен жасөспірімдерге экологиялық білім берудің барлық негізгі нысандарын ашып, түсініктеме беріп өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде педагогтар балаларды экологиялық тәрбиелеу мәселелерінде педагогтардың өз құзыреттілігін қалай арттыра алатындығы туралы белсенді әңгімелесті.
“Табиғат білгірлері” атты түрлі экологиялық тренингтер өткізілді. Әрі қарай, шеберлік – сыныпта (мастер-класс) өз қолдарымен тұқымдардан жасалған суреттер жасауға мүмкіндік туды, өз қолдарымен жасалған жарқын да әдемі суреттерді үлкен қуанышпен тамашалады.
Семинар соңында, семинар жұмысын қорытындылады, онда педагогтер экологиялық тәрбие мәселелерінде өз идеяларымен бөлісті және семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.