Minecraft сәулет жазғы мектебі

“Жас Ұлан” БЖО жазғы демалысты жүзеге асыру аясында  2021 жылдың 14-20 маусым аралығында “Курсор” клубының ұйымдастыруымен “Minecraft сәулет жазғы мектебі”оқыту-дамыту бағдарламасы өткізілді.
Осы бағдарлама аясында ” Менің арман үйім!»құрастыру бойынша байқау өткізілді.. Бағдарламаға Арқалық қаласы мектептерінің бастауыш және орта буынының 10 оқушысы қатысты.
Бағдарламаның басты мақсаты оқушыларының ойлау және қиял дағдылары кеңістіктігін дамыту болды. Қатысу “Minecraft сәулет жазғы мектебі” барлық қатысушыларға өздерінің сүйікті ойынының көмегімен әдемі құрылыстар салуға және қиялымен шектелмейтін өршіл жобаларды жүзеге асыруға болатындығын көрсете алды.
Әрине, бағдарламаға қатысушылар компьютерлерде үздіксіз отырған жоқ, олар үшін үзілістер, күшейтілген дене шынықтыру, шай ішу, таза ауада серуендеу және ұйымның басқа клубтарына бару ұйымдастырылды.
Бір апта бойы балалар “Талпыныс” және “Шығармашылық”режимдерінде ойнады. Ал соңында бағдарламаның барлық қатысушылары арасында жергілікті сервердегі ең жақсы ғимаратты тұрғызуға ” Менің арман үйім!” байқауы өткізілді. . Барлық балалар үшін ортасында басты жолы бар,  алаң және жолдарды бөлуге арналған құралдармен, барлық алаң128х128 өлшемдегі шаршылар  секторларына бөлінген алаңа дайындалды. Оқушылар өздерін жақсы жағынан көрсетті, көптеген нысандар салынды — саяжайлар, виллалар, ранчтар, субұрқақтар, шахталар, жоғары технологиялық ғимараттар, ұлттық ғимараттар, дерексіз нысандар және тағы басқалар.
Барлық жұмыстарды орталық педагогтары қатарынан құрылған  құзыретті қазылар алқасы қарап, бағалады, олар конкурс жеңімпаздарын анықтады. Үздік деп танылғандар:  1 орынды №4 ОМ оқушысы Мырзахметов Алиби, 2 орынды №4 ОМ оқушысы Омаров Жанболат иеленді, ақтық кезеңнің ІІІ орын иегері Козел Макар, сондай-ақ №4 ОМ оқушысы болды. Қатысушылар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен ата-аналарға алғыс хаттар берілді, әрі қарай балалардың бойында құлшыныс пен батылдықты тәрбиелеу, олардың алдынан болашақ үйлесімді және салауатты дамуы үшін мүмкіндіктер ашылды.

 


Жарияланды: 19.06.202117:35

Автор: