«Үміт –Надежда» мүмкіндігі шектеулі балалар арасында пионербол жарысы өтті
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 2020 жылдың қаңтар айының 13-ші күні «Үміт –Надежда» мүмкіндігі шектеулі балалар арасында пионербол жарысы өтті. Жарысқа әдеттегідей зор белсенділікпен, қала мектептерінен 20 бала қатысты. 3 команда арасындағы сайыста 1-ші орынды «Алғырлар» тобы , 2-ші орынды «Жалын» тобы, 3-ші орынды «Жас қыран» тобы алды . Жүлделі болған командалар мақтау қағазымен марапатталды. Жарысқа жауапкершілікпен қатысқан барша мұғалімдер мен оқушыларға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай белсенділікпен сіздерді күтеміз.