Назар аударыңыз! Бос орын!
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде төмендегі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:
- Осы Ережелердің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш:
- Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін):
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
- Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттың көшірмесі;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық мекемеден анықтама;
- Наркологиялық мекемеден анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, шебер- педагог біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік
Жарияланымдар, біліктілік санаты туралы құжаттардың көшірмелері) болған жағдайда қосымша ұсынады.
Мекен-жай: Арқалық қаласы, Дулатов көшесі,1, тел. 7-04-05, эл.адрес ducarkalyk@gmail.com.