18 мамыр күні сағат 9:00 де «Жас-Ұлан» БЖО аумағында «Жаңа леп» шатырлы лагері өткізілді. Бұл шараға мектеп оқушыларынан 120 , ал қалалық штабтан 10 бала қатысты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ және полиция қызметкерлері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін уақыт аралығында кезекшілік ұйымдастырды.
Арқалық қаласындағы «Қалалық Жас-Ұлан балалар мен жасөспірімдер» ұйымының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне орай, мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына қабылдауға арналған «Ұланымымыз ұлы елдің» атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиын ҚР – ның мемлекеттік әнұранымен ашылды.
16 сәуір күні «Информационный калейдоскоп» және «Курсор» отаулары жетекшілері – Сүйінбекова Гүлнұр мен Қабусағит Бекзаттың ұйымдастыруымен «Ғаламтор әлемі» интелектуалдық ойын іс-шарасы өткізілді. Мақсатымыз – информатика пәніне басқа қырынан қарау. Әр бір пән ол үлкен әлем. Ал бұл әлемде саяхаттау үшін, оның ережелерін, зандарын, тілдерін білу керек.
Наурыз мейрамына орай суда жүзу нұсқаушылары – Абдрахманов Даурен және Жеңісбай Елдостың ұйымдастыруымен қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары арасында спорттық жүзуден эстафеталық жарыс өткізілді.
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!»атты ойын-сауық шарасы өткізілді
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан орын алған.Ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуі жаңарудың белгісі.