«Мен-экоблогермін» вайн байқауы
💬 Ағымдағы жылдың 7-15 қараша аралығында «Bloggers» клубының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектеп оқушылары арасында «Мен-экоблогермін» атты вайн байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрету, экологиялық
мәдениетін және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Отанымыздың байлығын қорғауға, еліміздің тазалығы мен табиғатын сақтайтын
білімді ұрпақ өсіруге үлес қосу.
Жалпы байқауға 11 жұмыс жіберілді, үздіктер I, II, III орындарды иеленді. Олар:
🥇орынды Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Қоныс Мақсат жеңіп алды.
🥈орынды №2 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушысы Абсаликов Тамерлан ие болды.
🥉орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 8 «В» сынып оқушысы Боранбаев Ержан иеленді.
Барлық қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Жеңістеріңіз көп болғай, оқушылар. Белсенді қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.
«Bloggers» клубының жетекшісі: Әмірғалиева Аяжан Шахмарденқызы.