“Жас дарын” балалар шығармашылығының сәндік – қолданбалы облыстық көрме – байқауы.
27 қыркүйекте Қостанай қаласында “Жас дарын” балалар шығармашылығының сәндік – қолданбалы облыстық көрме – байқауы өтті.
Арқалық қаласынан қалалық білім бөлімі конкурсқа “Жас – Ұлан” БЖО үйірмелерін, атап айтқанда балаларға арналған “Феникс” керамикалық шеберханасы мен «Пішу және тігу» үйірмесінің жұмыстарын таңдады. Байқау іштей өткізілді, сондықтан балалар керамикалық шеберханасының меңгерушісі Э. С. Латыпов шеберхананың екі тәрбиеленушісімен, Нурмалика Исмагулова мен Ксения Туранинамен бірге Қостанай қаласына балалардың қолөнер бұйымдарын апарды. Байқауға облыстың барлық аудандарынан жүзден астам экспонаттар алып келінді, бұл қолөнер байқауына 15 номинация берілді. Ал біздің қала тек екі номинация бойынша қатысты: тоқыма және халық кәсіпшілігінен жасалған бұйымдар. Іс – шара кезінде қазылар алқасы мүшелері, қосымша білім беру педагогтары “джутовая филигрань”, “чудо-квиллинг”, “гобелен дайындау” атты түрлі қызықты мастер-класстар өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша керамикалық шеберхананың белсендісі Нурмалика Исмагулова өзінің керамикалық “Коргополь ойыншығы” сувенирімен “Өңірдің көркем және халық кәсібі” номинациясы бойынша 3-ші орынға ие болды. Оған грамота мен ақшалай сыйақы салтанатты түрде табыс етіліп, марапатталды.
Бізге бұл көрме – байқауы өте қатты ұнады, себебі біздін осындай іс-шараға қатысуымыз алғаш рет, өзіміздің әрі қарай көркемдік дамуымызға өте көп жаңа, қызықты және пайдалы нәрселерді біліп, үйреніп қайттық.