“Облыстық “DODA” дарынды және шығармашыл балалар лигасы” жобасын жүзеге асыру аясында қала және ауыл мектептері оқушылары арасында аймақтық іріктеу ойындары
Сәуір айының 30 – ы күні “Жас Ұлан” БЖО – да “Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы” ММ “Облыстық “DODA” дарынды және шығармашыл балалар лигасы” жобасын жүзеге асыру аясында қала және ауыл мектептері оқушылары арасында аймақтық іріктеу ойындары өткен болатын.Ойынға барлығы 9 – команда қатысып өз бақтарын сынады.Ойын бағдарламасына сәйкес келген командалар 4 сайыс бойынша бәсекеге түсті.
Кезеңдер:
1.Көңілді мәре
2.Зияткерлік сайыс
3.Мобильдік ойындар
4.Жайдарман
1 – ші кезең “Көңілді мәре” сайысы бойынша
“Жас Ұлан” БЖО “Фаворит” командасы шапшаңдық танытып жеңімпаз атанды.
2 – ші кезең “Зияткерлік сайысынан”
Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназиясының “Қызыл қозы” командасы тапқырлығымен көзге түсіп жеңіске жетті.
3 – ші кезең “Мобильдік ойындар”бойынша
Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия оқушыларынан құралған “Vip school” командасы жеңіске жетті.
4 – ші кезеңде “Жайдарман” ойындарынан әзілі мен қалжыңы жарасқан Қараторғай ауылы
Қараторғай негізгі орта білім беретін мектебінен келген “Нағыз ауылдың балалары” командасы жеңіске жетті. Жалпы ұпай сандарын есептей келе
Қараторғай ауылынан келген “Нағыз ауылдың балалары” командасы жеңіске жетіп облыстық іріктеу ойындарына жолдама алды.
Қатысқан барлық мектептерге “Позитив” Жайдарман үйірмесінің атынан үлкен алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi