Жалпы ақпарат

Біздің қоғамның рухани өмірін қайта құру, өлкетану қызығушылығының айтарлықтай артуына, әрбір адамның өзінің шағын отанын тереңірек тануға ұмтылуына себепші болды.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен жарияланған “Туған жер” бағдарламасы, Қостанай облысының оңтүстік өңірінің оқушылары мен жастары арасында қызу қолдау тапты.

“Жас Ұлан” балалар-жасөспірімдер орталығында сандық мұражайдың ашылуы тек мектеп оқушыларына ғана емес, қала тұрғындарына да, әлемнің кез келген нүктесінен кез келген адамға да Дүниежүзілік Интернет желісін пайдалана отырып, мұражай  қорына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай ақ, бұл тарихпен, экологиямен  және этнотуризммен әуестенетін болжанған туристерге, аймақтың тарихы, географиясы мен мәдениеті туралы білуге мүмкіндік береді.

“Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің “Жас Ұлан” БЖО” МКҚК “Жас Ұлан “қалалық балалар-жасөспірімдер ұйымы” ҚБ-мен бірлесіп 12 жыл бойы жас ұрпақты туған өлкенің қоғамдық маңызы бар құндылықтарына мақсатты және жүйелі түрде араластырады.

Бірлескен нәтижелі жұмыстың арқасында 2009 жылдан 2012 жыл аралығында Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы”ММ тапсырысымен, 2012 жылдан 2020 жыл аралығында “Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” ММ тапсырысы бойынша, балалар Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша “Ауылым-алтын бесігім”жобасы аясында туристік-өлкетану және туристік – спорттық қызметті жүзеге асырып келеді.

Қатысушылар бүкіл оңтүстік өңірдің ауылдары мен далалары бойынша мыңдаған шақырымды жүріп өтті. Олар аты аңызға айналған тұлғалардың жерленген орындарына барып, тек  фильмдер мен оқулықтардан ғана білген  тұлғалардың  құрметіне салынған кесенелерде болып, құран бағыштап бастарында болып, маңызды оқиғалармен байланысуға мүмкіндік алды.

Экспедицияларға жобаның кеңесшілері – т анымал  адамдар, өлке тарих танушылары мен байырғы тұрғындары қатысты. Олардың естеліктері, әңгімелері, аңыздары тарихи фактілерді анықтауға, белгілі мәліметтерді анықтауға көмектесті,ал жергілікті тұрғындармен жеке кездесулер кейде маңызды нәтиже берді.

“Жас Ұлан” БЖО МКҚК жоғары технологиялық жабдықталған  мұражай орналасуы керек, бірден бір орын. Өйткені жас ұрпақ өзінің кіші отанының тарихын ғана емес, сонымен қатар оны бүкіл әлемге паш етуі керек! Ал мұны заманауи технологиялардың көмегімен жасау әлдеқайда қызықты және танымды болары анық.