Бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» КМҚК бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
– Қосымша білім беру педагогі, «Гончарное дело» клубының жетекшілігіне – 1 ставка.
– Қосымша білім беру педагогі, «Спортивное ориентирование» клубының жетекшілігіне – 1 ставка.
– Спорттық-бұқаралық , сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы-педагог -1 ставка.
Ұйымның атауы: Мекен-жайы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» КМҚК
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Дулатов көшесі, 1,
еmail: : ducarkalyk@gmail.com
.
Конкурстың басталу күні:01.09.2023 г.
Конкурстың аяқталу күні:08.09.2023 ж. сағ.:18.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу үшін толтырылған жеке іс қағазы;
4) үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес педагогтің білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) жұмысқа орналасуды растайтын құжаттың көшірмесі;
6)” Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы ” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
9)мемлекеттік біліктілік сынағының куәлігі немесе педагогтің, педагог-зерттеушінің, оқытушы-шебердің біліктілік санатын беру туралы куәлік (бар болса);
10) әскери міндеттілер әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.
Құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбау конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Жұмысқа орналауға ниет білдіргендермен әңгімелесу барысында (на собеседовании) кандидаттардың өздерімен бірге көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары болуы қажет