Елорданың туған күніне арналған «Еңсесі биік – Елорда» онлайн-концерті

Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай “Еңсесі биік — Елорда” онлайн-концерт

03.07.2020ж “Жас-Ұлан” БЖО бас қаламыз –  Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай “Еңсесі биік – Елорда” атты онлайн құттықтау іс-шарасын өткізді. Елімізде қазіргі таңда болып жатқан ауыр күндерге байланысты, қала тұрғындарының көңілін сергіту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара қашықтық арқылы өткізілді, демек Instagram желісіндегі “Тікелей эфир” бойынша. Концертке қатысушылар өздерінің өнерлерін ұялы телефонға түсіріп, концерт барысында LED экран арқылы жүргізілді. Бұл концерттің басын Арқалық қаласының мақтанышы, Республикалық деңгейде бағын сынап жүрген, бірнеше мәрте бас жүлде иегері атанған Қуаныш Ілияс – Қазақстаным атты өлеңімен ашты. Бұл өлеңге “Жас-Ұлан” БЖО қолдауымен түсірілген видео клип сахнаның сәнін кіргізді. Келесі орайда “Жас-Қалам” клубының тәрбиеленушісі Боранбаева Балжан “Менің Астанам” атты өзінің шығармашылығын оқып жалғасын тапты. “Позитив” клубының тәрбиеленушісі, “Жас-Ұлан” БЖО құрамасының капитаны жайдарманшы Асылхан Амина өз құттықтауын шын жүректен жеткізе білді.

Аталмыш іс-шараға Арқалық қаласынан ғана емес, Әзірбайжан еліне қоныс аударған, “Жас-Ұлан” БЖО тәрбиеленушісі де тыс қалмай, “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” деп айтқандай Елордамызды ағылшын тілінде құттықтап видео жолдама жіберді. Еліміздің Астанасы күнінде киелі қара домбырамен Кирилл Ким Нұрғиса Тілендиевтің – «Әлқиса» күйін орындап өзінің өнерімен бөлісті. Және онлайн концертті жапқан қаламыздың намысын Облыстық, Аймақтық деңгейде қорғап жүрген Сарбасова Гаухартас – «Бақытты бала» атты әнімен аяқтады.

Тікелей эфирді тамашалаған көрермендер  өздерінің ізгі ниеттері мен жақсы тілектерімен бөлісті. “Еңсесі биік – Елорда” – атты іс-шараны мемлекеттік және ресми тілдерінде “Позитив” клубының жетекшісі Сейтхожин Нұржан мен “Фемида” клубының жетекшісі Абжанов Ерік жүргізіп,соңынада жанды дауыста “Ұлы Дала” әнін орындаумен аяқтады.


Жарияланды: 10.07.202012:59

Автор: