Отан қорғаушылар күніне арналған “60 секунд” Онлайн спорттық эстафетасы.

1 мамырдан 7 мамырға дейін «Атлет» спорт клубының жетекшісі Клещенок Александр Михайлович 7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне арналған «60 секунд» онлайн-эстафетасын өткізді.

Эстафетаның негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау,дене шынықтыру қабілеттерін дамыту және ұжым болып  жұмыс жасауды қалыптастыру.

Серпінді жаттығулар, спортшылар арасындағы ең тиімді  және кең таралған функционалды жаттығулардың бірі. Ол фитнес,бодибильдинг,жекпе-жектен және, кроссфиттен әйгілі танымалдыққа ие .Ия, не десекте кез-келген спорттық жаттығулардың ішіндегі ең тиімді бағдарлама – еденнен көтерілу,бұл спорт түрімен айналысқан адам, тез әрі көп күш жолғалтпай өз денесінің дамуында  үлкен жетістіктерге  жете алады.

     Эстафетаға қала мектептерінің оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.Эстафетаға 15 адам қатысты, әр қатысушы 60 секунд ішінде максималды  еденнен көтерілу жаттығуын жасады.

Туркан Антон-82, Исмагиов Ростислав-58,Омеличко Данил-54 ең жақсы нәтижелер көрсетті.

 

 


Жарияланды: 12.05.202009:49

Автор: