«Қош келдің, әз – Наурыз!»

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі.

19.03.2021ж. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында  «Қош келдің, әз – Наурыз!» тақырыбында Ұлыстың ұлы күніне арналған орталығымыздың үйірме, отау тәрбиеленушілеріне және ұжымына арналған шағын мерекелік іс – шара өткізілді.

Іс – шара басталысымен қазақы нақышта ұлттық киімдер киген әжелер ортаға шығып, «Наурыз» әнімен көрермендерге,оқушыларға шашу шашылды.

Осы мерекемен құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер  орталығы басшысы – Елена Семеновнаға берілді. Өз сөзінде үйірме тәрбиеленушілерін және барша ұжымды  айтулы мейраммен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ары қарай  ұлттық ән айтылып, күй тартылып, би биленіп, «Тұсау кесер»  салты көрсетілді. Қыдыр ата келіп, ортаға шығып наурызға арналған ақ батасын беріп, ақ дастарханға жайғасты.

Мұнда қазақтың ұлттық ойындары – асық ату, тоғыз құмалақ, күрес, қол тірес, арқан тартыс және т.б  қызықты ойындар  ойнатылып,  жеңімпаздарға  сыйлықтар берілді.

Мерекелік іс – шара барысында барлық қатысушылар, оқушылар, ұжым, қонақтар мерекеге арналған дастарханға жайғасып, түрлі ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

Мерекеге барлығы көз тартарлық әсем сұлулықпен қазақтың ұлттық киімдерін киіп, жақсы қуанышты көңіл – күймен, асқан белсенділікпен  қатысты.

Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Ұлысоңболсын, ақ мол болсын!


Жарияланды: 31.03.202118:54

Автор: