Қосымша білім берудің үздік ұйымы

Ағымдағы жылдың 06 қыркүйек күні «Қосымша білім берудің үздік ұйымы» облыстық байқауы финал (күндізгі форматта ) өтті.
Байқау тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру, Қостанай облысының қосымша білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау мақсатында өткізілді.
Осы финалға «Жас Ұлан» БЖО қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Еңбектеріңіздің жемісін көріп, бұдан да биік белестерге жете беріңіздер, құттықтаймыз!!!
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@rcfk_i_do
@kost_bilim


Жарияланды: 07.09.202407:08

Автор: