Патриоттық әндер байқауы өтті

“Әншуақ” қазақ тіліндегі балалар әндерінің Республикалық Фестивальінің аясында <<Мен өз елімнің патриотымын>> атты патриоттық әндер байқауы

“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 қазан күні “Әншуақ” қазақ тіліндегі балалар әндерінің Республикалық Фестивальінің аясында <<Мен өз елімнің патриотымын>> атты патриоттық әндер байқауы қала мектеп оқушылары арасында өткізілді. Байқаудың мақсаты: Музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру және жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
Жарысқа қала мектері ат салысты.
Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


Жарияланды: 19.10.202412:25

Автор: