«Пионербол» ер балалар арасындағы жарыс өткізілді

«Жастар» кіші спартакиадасының жоспарына сәйкес 1-4 сынып ер балалар арасында қарашаның 23 күні
«Жас-Ұлан» БЖО МКҚК спорт залында командалық «Пионербол» жарысы өткізілді. Жарысқа жауапты спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы педагог – Абдрахманов Даурен Абдыхалықұлы. Жарысқа қала мектептері түгелдей атсалысып жарыстың тартысты өтуіне үлес қосты.

Командалар екі топқа бөлініп бірінші топтан №8 және М.Әуезов атындағы №5 мектеп топ үздіктері болса,екінші топтан №4  мектеп  және А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп топтық кездесулердің жеңімпаздары атанды. 3-ші орын үшін кездесуде №8 мектеп №4  мектебінен 2-0 есебімен басым түсіп 3-ші орынды қанжығаларына байласа,М.Әуезов атындағы  №5 мектеп А.Құнанбаев атындағы   №6 мектебінен 2-1 есебімен басымдылық танытып жарыс жеңімпаздары атанды. Жүлделі орын ұтып алған командалар «Жас-Ұлан» БЖО мақтау қағаздарымен марапатталды.

 


Жарияланды: 10.01.201916:40

Автор: