«Пионербол» қыз балалар арасындағы жарыс өткізілді
«Жастар» кіші спартакиадасының жоспарына сәйкес 1-4 сынып қыз балалар арасында қарашаның 24 күні «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК спорт залында командалық «Пионербол» жарысы өткізілді. Жарысқа жауапты спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы педагог – Абдрахманов Даурен Абдыхалықұлы.
Жарысқа қала мектептері түгелдей атсалысып жарыстың тартысты өтуіне үлес қосты.бірінші топтан А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп және Родина орта мектебі топ үздіктері болса,екінші топтан Ш.Уалиханов атындағы №1 мектеп және №4 Ж.Б.Б. мектеп топтық кездесулердің жеңімпазы атанды. 3-ші орын үшін кездесуде Родина орта мектебі №4 Ж.Б.Б. мектебінен 2-1 есебімен басым түссе,финалдық кездесуде А.Құнанбаев атындағы №6 мектебінен 2-0 есебімен басым түсіп жарыс жеңімпаздары атанды. Жүлделі орын ұтып алған командалар «Жас-Ұлан» БЖО мақтау қағаздарымен марапатталды.