Өз өлкемді зерттеймін

16 ақпан күні «Өлкетану» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Өз өлкемді зерттеймін» тақырыбында презентация байқауы өтті.

Мақсаты: Туған өлкемізден шыққан, ел жадында сақталған,мақтанышымызға айналған тұлғалардың тарихын зерттеп білу.

Оқушылардың тарихқа,әдебиетке деген ой-қызығушылықтарын арттыру; Шығармашылықтарын дамыту.

Байқауға қала, ауыл мектептерінен келген оқушылар өз жұмыстарын қорғап, тарихымызда болған болмыс-бітімі алуан түрлі тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтерін, батырлық жолын көрсете білді.

Байқау барысында әділ қазылар шешімімен I-орынды Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің 8 «в» сынып оқушысы Карбенова Малика/жетекшісі Муханова Асима/, II-орынды Фурманов жалпы білім беретін мектептің оқушысы Сейтжан Амира/жетекшісі Қабажаева Айгерім/, III-орынды №8 мектептің оқушысы Абдигалим Аяулым /жетекшісі Нұрханова Зоя/ иеленді.

Басқа да қатысушы оқушылар №2 мектептен Филонова Виктория,№1 мектептен Булат Айдана, №10 мектептен Исмагилянов Расул, №6 мектеп-гимназиядан Жұмабаева Нұрайым,Ақылбек Шыңғыс арнайы номинациялармен марапатталды.

Барлық оқушылар мен жетекшілеріне алғыс білдіреміз.


Жарияланды: 25.02.202307:20

Автор: