“Премиум класс” Ректор кубогында 1-орын
Бүгін яғни қарашаның 15і күні Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтта “Драйв” жайдарман үйірмесінің қолдауымен “Ректор кубогы” ойыны өткен болатын.Ойынға қаламыздың колледж және жоғары оқу орындары қатысты.Әділ-қазылар шешімі бойынша Бас жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институттың “Ұландар”командасы жеңіп алса, көптің қошеметімен қазылардың көңілінен шыға білген “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының “Премиум класс” командасы 🥇 1-орынды еншіледі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз. 👏👍✊