«Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Ауылым – алтын бесігім» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып келеді.
Біздің қоғамның рухани өмірінің қайта құрылуы, туған жерді, өлкені танып білуге, деген қызығушылықты айтарлықтай арттырды, кіші Отаны тарихына тереңірек үңіліп, түсінуге деген ұмтылысқа алып келді.
«Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы және «Жас – Ұлан»балалар ұйымы қоғамдық бірлестігімен ортақ жұмыстар нақты ойластырылған жүйесі бар. Осы айқын жұмыс жүйесінің арқасында міне 10 жылдан бері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен туристік өлкетану қызметі бойынша «Ауылым алтын бесігім» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып келеді. 2009 – 2012 жылдары – «Қостанай облысы ішкі саясат басқармасы»тапсырысы бойынша, 2012 – 2018 жылдар аралығында «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысымен жұмыс жасады. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында зерттеу құзыреттілігін біз сөзбен емес, іс жүзінде дамытамыз. Қостанай облысының барлық оңтүстік өңірінің ауылдары мен далалары бойынша экспедиция қатысушылары мыңдаған шақырым қашықтықты бағындырды. Олар аты аңызға айналған тұлғалардың жерленген орындарына барып, кесенелерді олардың құрметіне салу орындарында болуға, сол арқылы фильмдерден немесе оқулықтардан ғана білген маңызды оқиғаларға етене жақын болуға мүмкіндік берді. Жалпы жоба бойынша жұмыс, көбінесе жаз мезгілінде жүргізіледі,онда
жылжымалы оқу- жаттығу шатырлы лагерьлерге маңызды мән беріледі.Дәл осы жағдайда ғана балалар өздерін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінеді,белгіленген немесе басқа да нысандарды өз бетінше зерттейді,
нысандарды іздестіруді жеңілдететін квадракоптер сияқты қазіргі заманғы техникалық жабдықтармен жұмыс істейді, металл іздеуші – құрылыстың неден тұратынын анықтауға көмектеседі, бұл ақпарат нысандарды құру болжамын сипаттау және қалпына келтіру тарихын анықтау процесіне үлкен
әсер етеді. Сондай ақ, экспедицияда барлығына белгілі компас, рулетка сияқты қарапайым құрал саймандар да, интернет желісі жоқ жерде өздері орналасқан жерді және нысанды анықтау үшін, құрылысты өз қолымен
өлшеу үшін қолданылады. Осының барлығы экспедиция барысындағы қызметті ұмытылмастай, мағыналы етеді. Әр жобаға кеңесшілер, өлкеге танымал адамдар, өлке тарихының білгірлері мен көне тұрғындар қатысты. Олардың естеліктері, әңгімелері, аңыздары тарихи фактілерді анықтауға, белгілі мәліметтерді нақтылауға көмектесті,ал жергілікті тұрғындармен жеке кездесулер кейде тамаша нәтиже берді. Экспедиция мүшелері кездесулердің бірінде, Ахмет Байтұрсыновтың өмір сүргенін еске салатын қарапайым естелік тақта ғана қалған орнынға, Ақкөл және Қарасу ауылдарының тұрғындарымен Ахмет Байтұрсынов үйін бұрынғы нобайы бойынша қалпына келтіру туралы, уағдаластыққа қол жеткізді. Жаз бойы мектеп оқушылары мен ауыл жастарының қатысуымен “Асар”халықтық әдісі бойынша үйді жергілікті тұрғындар қалпына келтірді.
“Ауылым – алтын бесігім” жобасы бойынша 10 жыл бойы жасұландықтар Ұлы Даланың тарихы, оның кеңдігі туралы, қойнауы тарихи археологиялық ескерткіштер мен мәдениетке тұнған өлке тарихы туралы
мол материал жинады:
«Құпиясырлыөлке – Арқалық» – «Аркалык – неизведанный край» иллюстрацияланған кітап басылымнан шықты;
Қостанай облысы Арқалық қаласы бойынша көрікті орындарының ақпараттық маршрут топтамасы шығарылды;
Қостанай облысы Арқалық қаласы бойынша көрікті орындарының ақпараттық маршрут бағдары шығарылды:
Жастар мен оқушылар қатарынан құрылған жас таланттардың жастар экспедиция барысында жасаған нобайлары мен сызбалары негізінде жасалған үздік жұмыстары «Уақыт тоғысында»байқауына ұсынылып,анықталған жеңімпаз жұмыстар қойылған фото көрмелер мен галереялар ұйымдастырылды;
Арқалық өңірі көрікті орындары маршруттық картасы жаңа деректермен толықтырылды. Жаңа туристік маршруттар біздің еліміздің әртүрлі өңірлерінен оқушылар мен туристерді тартуға көмектесті. Біздің өңірдің ерекшелігімен танысқан олар келешекте Отанымыздың мәдени мұрасы мен тарихымен мейлінше тереңірек танысуына қызығушылық танытантын болады.
Арқалық қаласының бұрынғы бас геологы Н.А.Бегадиловпен «Қала тарихында қайталанбас тұлға» деректі филімі түсірілді;
Ахмет Байтұрсыновтың 140 «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді;
Ахмет Байтұрсыновтың 140 «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған жасатар форумы өткізілді;
А.Байтұрсынов туралы екі деректі фильм түсірілді;
Жазғы кезеңде жергілікті жерде оқу сабақтарын өткізу мақсатында (нысандарды өлшеу, түсірілімдерді, ақпараттық жазбаларды жүргізу, сурет салу, сызбалар, суретке түсіру, ақпарат жинау және т. б.) Арқалық өңірі аумағында жастардың жылжымалы оқу-зерттеу шатырлы лагерьлері ұйымдастырылды.)
“Ауылым – алтын бесігім” фотогалереясы құрылды, бұл жоба қатысушыларының қажырлы еңбегі мен сарқылмас шығармашылық шабыттылығы туралы көрнекі құрал ретінде қызмет етті.
Кейкі батырға арналған жылжымалы тақырыптық экспозиция құрылды;
Қостанай облысының оңтүстік өңірінің тарихи және археологиялық нысандарының, геоглифтерінің ақпараттық атласы дайындалып шығарылды. 2018 жылы бұл атлас толықтырылған және қайта өңделген ақпараттармен қайта шығарылды.
Жоба шеңберінде жүргізілген жұмыстарды көрсетіп баяндап беруге көмектесетін оқушылар мен жастар арасында, Жыл сайын аймақтық туристік-өлкетану слеттері, форумдар өткізіледі
Жыл сайын өткізілетін Жастар слеттері мен форумдарынан басқа, “Ауылым – алтын бесігім” жобасы қалалық және облыстық деңгейде жастар, қала мен облыс БАҚ өкілдері, ғалымдар, блогерлер және т.б. саны 400 адамды құрайтын баспасөз турларын ұйымдастырады және өткізеді. Әр іс шара жоғары деңгейде ұйым мүшелерінің нақты өлшенген әрекеттермен кез келген деңгейдегі қиындықты бағындырып, кез келген тақырыпқа креативті тұрғыда әрекет етеді. Жоғарыда аталғандардың барлығы, жоба шеңберінде шығарылған, көптеген брошюралар, парақшалар, ақпараттық кейстер, бейнефильмдер мен бейнетүсірілімдер, құрылған туристік бағыттар мен жыл сайынғы слеттер, жастардың форумдары, олардың бірінің қатысушылары жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында ұйымдастырылған облыстық семинар қатысушылары. Олардың құрамында оқушылар үйлері мен сарайларының директорлары болды. Педагогтар мен студенттерге оқушылар үшін жоғарыда аталған материалдар әдістемелік құрал ретінде қызмет ете алады. Бұл материалдар, біздің өлкеге тек өз республикамыздан ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерден туристерді тартуға ықпал етеді, сонымен қатар, жасөспірімдер мен жастарды шынайы патриотизмге тәрбиелеуге ықпал ететін болады. Бұл жұмыстар « …. жеке адамдар жинағы емес, ол кез-келген халықты ұлтқа айналдыратын,басты мәдени-генетикалық код негізі болып табылады.