«Психологиялық қызметті ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу» тақырыбында қалалық семинар
«Психологиялық қызметті ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу» тақырыбында қалалық семинар
2022 жылдың 10 қараша күні “Арқалық қаласының білім бөлімі” ММ және “Жас-Ұлан” балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы бірлесе отырып «Психологиялық қызметті ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселесі мен мектептегі психологиялық қызмет жұмысын жан-жақты жандандыру деңгейін арттыру.
Бұл семинарға 97 маман қатысты, оның ішінде: мектеп директорларының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психолог мамандары және семинар қонақтары мен баяндамашылар болды.
Семинардың басында «Арқалық қаласының білім бөлімі» ММ басшысы – Есламбек Жеңісұлы сөз сөйлеп, бүгінгі семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарға Астана қаласының “SAMGA” психология орталығының жетекшісі психодраматерапевт, клиникалық психолог, психология магистрі-Мұқатаева Айгүл Жаңабайқызы қонақ ретінде арнайы келіп қатысып, баяндама оқыды.
Сонымен қатар: А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Жапарова Айнагул Каримжановна, Арқалық қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция тобы аға инспекторы – Байсалбекова Мейрамкуль Жумабековна, Арқалық қаласы бойынша “Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы” КММ үйлестірушісі Нұрғазина Күнсұлу Серікқызы семинар төңірегінде өз баяндамаларын оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, мектеп психологтары тренингтер өткізіп, барлық қатысушылар мен тыңдаушыларды сертификаттармен марапаттап, қорытындылау жасалды.
Мұқатаева Айгүл Жаңабайқызына “Жас-Ұлан” қалалық балалар мен жасөспірімдер ҚБ ұйымы президенті Елена Семеновнаның атынан арнайы сыйлық есебінде кітап пен сертификат табысталды.
Тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинар өте жоғары деңгейде өткізілді.
Барша қатысқан ұстаздарымыз бен қонақтарымызға алғыз білдіреміз!