Рельефтегі көпсайысы жарыс өткізілді

2024 жылдың 18-ші қазан күні “Жас Ұлан” балалар жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектеп оқушылары арасында, спорттық туризм бойынша жасанды рельефтегі көпсайысы жарыс өткізілді. Жарысқа барлық қала мектеп тері қатысып команда сапынан 2 ойыншыдан 20 дан астам оқушы қатысты. Жарыс ережесіне сай барлық ойыншылар жарысты ұқыпты тиянақты орындап ,шеберліктерімен тан қалдырды .Тартысты сайыста ең мықтысы мәреге бірінші болып жетті. Алда болатын жарыстарға сәттілік тілей отырып, қаламызда бұл спорт түрі болашақта дамуына сенімдімін.
Жарыстын жеңімпаздарға келсек:
Жекелей жарысында:
1 орын – Мирончик Виталий №10 жалпы білім беретін орта мектеп;
2 орын – Жанбыршы Нұрали Ш.Уалиханов атындағы №1 мектеп;
3 орын – Хамит Нұрдәулет М.Әуезов атындағы №5 мектеп;
Қыздар арасында:
1орын – Шачнева Анастасия Кейкі батыр атындағы №4 мектеп;
2 орын – Уәли Айару М.Әуезов атындағы №5 мектеп;
3 орын – Таласова Балым №10 жалпы білім беретін орта мектеп;

Командалық жалпы есеп бойынша:
1 орын – М.Әуезов атындағы №5 мектеп;
2 орын – №10 жалпы білім беретін орта мектеп;
3 орын – Кейкі батыр атындағы №4 мектеп;
жеңіске жеткен барлық ойыншылар “Эдельвейс”үйірмесінің тәрбиеленушілері
Жарыс ұйымдастырушысы “Эдельвейс” клубының жетекшісі: Жусупов М.Ш.


Жарияланды: 18.10.202414:28

Автор: