“Республика күні” мерекесінде жаңа президент ұлықталды
“Республика күні” мерекесіне орай “Жас Ұлан” балалар ұйымының қалалық штаб президентін ұлықтау рәсімі
24 қазан күні “Республика күні” мерекесіне орай “Жас Ұлан” балалар ұйымының қалалық штаб президентін ұлықтау рәсімі өткізілді. Қалалық штаб төрайымы А.Ыбыраева құттықтау сөзін сөйлеп, жаңа Ұланбасы Турмагамбетова Арайлымға лента тағып, куәлік табыстады. Бұрынғы ұланбасы Сайлаубек Сабира сөз сөйлеп, штабтың жаңа президентіне өз атынан статуэтка тарту етті.
“Жас Ұлан” ұйымының қалалық штаб президентіне алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!