Республикалық Жайдарман “Junior” мектеп лигасы ойындарының 1/4финалдық сайыстары
Мамырдың 12-сі күні Алматы қаласында Республикалық Жайдарман “Junior” мектеп лигасы ойындарының 1/4финалдық сайыстары өтті. Сайысқа Республикамыздың түкпір-түкпірінен барлығы 42команда қатысып өз бақтарын сынады. 2күнге созылған ойында командалар 8топқа бөлініп жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салды.Әділ қазылардың шешімі бойынша 17команда 1/2финалға тікелей жолдама алса, тағы 7команда резервпен келесі кезеңге өтті. Қостанай облысы Арқалық қаласының намысын қорғаған “Жас Ұлан” БЖО “Тентектер” командасы әділ-қазылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша күзде өтетін 1/2 финалдық ойынға тікелей жолдама алды.Тәрбиеленушілерімізді шын жүректен құттықтай отыра, алдағы ойындарына тек қана сәттілік тілейміз!!!
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolim