Құрметті оқырмандар!Мен бүгін «Мамандықтар әлемін ашу» форумы аясында «Мен мамандықтар әлеміндемін» атты қалалық сырттай әдеби эссе байқауының қорытындысын шығарғым келеді
Байқауға 11 мектептен 18 жұмыс жіберілді. Жұмыстар екі тілде ұсынылды: қазақ және орыс. Қазылар алқасы байқауды қуана оқып, қайта қарады және біздің қатысушылардың қаншалықты креативті және парасатты екендіктерін және олардың болашақ кәсібіне деген шынайы қызығушылықтарын байқауға қуанышты болды. Эсселердің көпшілігі жоғары деңгейде болды, сондықтан жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар 4 қатысушыға берілді, оның 1 бірінші, 1 екінші және 2 үшінші орын иеленді.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
1 орын- Какимова Венера, Кейкі батыр атындағы №4 орта мектебінің оқушысы.
2 орын- Иманғазы Мөлдір, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы.
3 орын- Жолдыбек Гүлназым, А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебінің оқушысы.
3 орын- Қаратаев Нұрдаулет, Макаренко орта мектебінің оқушысы.
Сайыстың барлық қатысушыларына белсенділігі үшін алғыс айтамыз! Болашақта барлық жұмысы табысты болуына тілектеспіз!
«Ботақан» балалар телестудиясының жетекшісі: Әмірғалиева А.Ш.