«ROBOQUANT»

«Жас-Ұлан» БЖО –да жас робототехниктарға арналған Lego – құрастыру бойынша – «ROBOQUANT» жазғы байқауы өтті.
№ 1 ОМ, № 2 ОМ, № 3 ОМ, № 4 ОМ, № 5 ОМ, № 10 орта мектебі және үлкен Гимназия жанындағы лагерь балалары «Lego Constructor» жиынтықтарынан роботтар жасауда өздерінің барлық білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Әр қатысушы роботтарын өзінше өзгеше жасауға тырысты және ол қолдарынан келді.
Байқау: инженерлік – құрастыру және жасаған роботтарын таныстыру сынды екі кезеңнен тұрды.
Аталған шара балалардың роботтарды құрастыруға деген үлкен құштарлығын көрсетіп, байқауға келген оқушылар арасында өзара ауызбіршіліктің қалыптасуына ықпал етті.

 

 


Жарияланды: 03.08.202107:15

Автор: