«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Идея бар» балалардың әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық жобаларының қалалық сырттай байқауының қорытындысы.
Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері арасында балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға қол ұшын беру мақсатында қала және ауыл мектеп оқушылары,балалар әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық бірлестіктері үшін «Идея бар» жобалар байқауы сырттай өткізілді және байқауға 14 әлеуметтік жоба ұсынылды.
Ең үздік жобалар: «Галерея наскальных рисунков» мәдени мұра нысандарын сақтау және танымал ету. Қараторғай өзеніндегі үңгірлердің суреттерін іздеу және сақтау бойынша экспедицияны ұйымдастыру (Қостанай облысының оңтүстік аймағы және Қарағанды облысының Ұлытау ауданы)-№10 ОМ, «Туған қалаға игілікті істер»- «Жас-Ұлан» «Қалалық жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Жүрек жылуы», «Аллея выпускников»- жоғары гимназия, «Арқалығым аңыз-Тарихым Торғай» бейне роликтер топтамасын құру -№1 ОМ, «Дом дружбы»-№4 ОМ.
Қалалық турда жеңіп алған жобалар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» КММ-нің балалар әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық жобаларының облыстық байқауына қатысуға жіберіледі.