«Сүйікті анаға» сыйлық

2024 жылдың 10 -мамыр күні Республикалық Аналар күні мерекесіне орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы КМҚК «Феникс» балалар керамикалық шеберханасы, мектеп оқушылары арасында сыйлық әшекей қорапшасын жасау бойынша қалалық іс-шара ұйымдастырып, аналарға «Сүйікті анаға» сыйлық сыйлады. Сондай-ақ балалар аналарына алдын ала дайындалған, кептірілген және муфельді пеште күйдірілген және анасының сүйікті жабық гүлдерін отырғызуға дайын гүл құмыраларын берді.

Шараға қаладағы жеті мектептен 12 оқушы қатысты. Шақырылған аналар балаларының шебер қолдарымен жасалған осындай сыйлықтарға дән риза болды. Ата-аналар біздің шеберхананың қызметімен үлкен қызығушылықпен және қуанышпен танысты, өйткені олардың балалары мұнда үнемі модельдеу және қыш бұйымдарын жасаумен айналысады және шығармашылық қабілеттері мен таланттарын дамытады

#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
abai_mektep_gimnazya


Жарияланды: 13.05.202409:25

Автор: