«Салауатты таңдау жаса!» интеллектуалды – танымдық ойыны қорытындысы
«Салауатты таңдау жаса!» интеллектуалды – танымдық ойыны қорытындысы.
Қымбатты достар!!! Бізде “Жас -Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында «Салауатты таңдау жаса!» тақырыбында қала мектептері арасында 4 сынып оқушыларына арналған екі тілде (қазақ және орыс), интеллектуалды – танымдық ойыны өткізілді!
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау; оқушыларға өз денсаулығын сақтау үшін жеке жауапкершілікке тәрбиелеу. Оқушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру; рухты көтеруге және командаларды біріктіруге ықпал ететін жағымды эмоциялар тудыру.
Ойын екі тур және қызықты бірнеше сайыстардан тұрды, мұнда денсаулық және спорт тақырыбында көптеген мақал – мәтелдер, түрлі қызықты сұрақтар, ойындар өткізілді. Оқушылар жоғары белсенділікпен ат салысып, күшті қызығушылықпен қатысты.
Қорытынды бойыншабірінші турдан мына мектеп оқушылары оза шығып,жолдама алып, екінші турда марапаттау нәтижесі төмендегідей болды :
І орын – Б. Майлин атындағы №3 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушылары
ІІ орын – А. Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының 4 «А» және №2 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушылары
ІІІ орын – А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 4 сынып оқушылары иеленді .
Ал ойынға қатысушы басқа мектеп оқушыларына бірінші турғабелсене қатысқандары үшін алғыс хаттар берілді.
Барлық мектептін интеллектуалды ойын-сауық ойынына қатысушы 4 сынып оқушыларына және аға тәлімгерлерге алғыс білдіре отырып, жаңа бастамаларында мол табыстар және үлкен жеңістер тілейміз!
Ұйымдастырушы: Суинбекова Гулнур Тургыновна – “Денсаулық айнасы” үйірмесінің жетекшісі.